Жоғалып кеткен науқас Абай Жарылқапов табылды
Теміржол ауруханасынан жоғалып кеткен Абай Жарылқапов табылды. Естеріңізде болса 20-мамыр күні Әйтеке би ауданының тұрғыны 20 жастағы Абай Жарылқапов ізім-қайым жоғалған болатын. Ал, 23 мамырда аталмыш науқасқа қатысты іздеу жарияланды. Абай Жарылқапов қазір облыстық жедел жәрдем ауруханасында. Дәрігерлер оны жақында Астана қаласына жібереді. Науқасқа сол жақта күрделі ота жасалмақ. Сондай-ақ аталмыш емдеу мекемесіне 25 мамыр күні тізе буындарының жарақатын алған 15 жастағы жасөспірім жеткізілді. Оны жолдан өтіп бара жатқан жерінен "Ваз" көлігін тізгіндеген 26 жастағы жігіт қағып кеткен. Ал екінші жол-көлік апаты қаламызда 26 мамыр күні кешкі сағат 7-лер шамасында тіркелді. Жол апаты салдарынан мотоциклдың 25 жастағы жүргізушісі теміржол ауруханасының жарақат бөліміне жеткізілді. Оның екі қолының сүйектері сынған. |
Количество показов: 1959
Дата создания: 27.05.2013 17:54:50