Жетпіске келгенде жұмысқа тұрған әжей
Өзі-әже, өзі-келін. Қаладағы арнайы дүкендердің бірінде жұма сайын келушілерге ыстық шәйі мен жылы-жұмсағын тегін ұсынатын кейуана бар. Кимешекті апа Сафия Ережепова жетпістен асқанына қарамастан, жұмысқа ерекше ынтамен келеді. Зейнеткердің шайын ішкендер алғысы мен батасын жаудырады. Сафия апаның өзге замандастарына қарағанда, жұмысы -ерекше. Жалақымен қоса, көпшіліктен алғыс алады. Зейнеткердің міндеті- дүкенге келушілерге шәй құйып беру. Бір қызығы, Сафия апаның жұмыс орны да- қазақы. Киіз үйді еске түсіреді. Бұл, әсіресе, дүкенге сауда жасауға келген өзге ұлт өкілдері үшін-экзотикалық көрініс. Кимешек киген кейуана буы будақтаған самаурыннан сүт қатқан қызыл күрең шәйді құйып береді. Оған қоса, жайылған дастарқандағы ұлттық тағам -бауырсақ, тары, ірімшік, тәттілерін алдыңызға тосып әлекке түседі. Қазақтың қонақжайлылығын насихаттау арқылы кәсіпорын өзін жарнамалаумен қатар, жасы жеткен зейнеткерді жұмыспен қамтып, бизнестің әлеуметтік жауапкершілігі міндетін жүзеге асырып отыр. Жетпіс екі жастағы Сафия апа жұма сайын үш мың кесе шәй құяды. Бірақ, шаршадым демейді. Көмекшілері - жанында. Біреуі қонақтардың қолына су құйып, енді біреуі самаурынды қайнатып әкеліп жатыр. Бастапқыда дүкенге келушілерге бұл тосын болса, қазір тұрақты сатып алушылар Сафия апайға сәлем бермей, дастарқанынан ауыз тимей кетпейді. Риза болып, батасын береді. Мұндай бастаманы дүкен басшылығы жеті жыл бұрын көтерген. Жұма күні дүкендегі қыз-келіншектер бірі орамал, егде тартқандары кимешек пен камзолын |
Количество показов: 2317
Дата создания: 12.04.2013 18:54:42