Жетпіс дана қару-жарақтың көзі жойылды
Қылмыстық істерден айғақ ретінде тәркіленген және тұрғындар өз еріктерімен тапсырған қару - жарақ түрлері екінші рет заңсыз айналымға өтіп кетпеуі керек. Осы мақсатта бүгін облыстық ІІД- де 70 дана қарудың көзі жойылды. Оның 50-і тегіс ұңғылы, алтауы шолақ мылтық. Тоқсан сайын ұйымдастырылатын шараға прокуратура өкілдері де қатысты. Бүгін олар әр қарудың атауын, нөмірінің сәйкестігін, жарамсыз қалыпқа келтірілуін қадағалады. Кейін бұлардың барлығы Ақтөбе ферроқорытпа зауытының пешінде өртеледі. |
Количество показов: 1953
Дата создания: 25.06.2013 19:01:19