Жергілікті әскери басқару органдарының күні
Елімізде 12 қыркүйек жергілікті әскери басқару органдарының күні. Бұл күн еліміз үшін 1991 жылдан Қазақ КСР Президентінің Жарлығы күшіне енген кезден бастап атаулы күн болды. Осы мерекеге орай қаламызда салтанатты шара өтті. Ақтөбе облысының жергілікті әскери басқару органдарының ерекше көзге түскен әскери қызметшілері алғыс хаттармен және Құрмет грамоталарымен марапатталды. Шара барысына лауазымды қызметте жұмыс жасаған зейнеткерлерде қатысты. Қажымұқан Сәтенов қазір ҚР Қарулы Күштерінің Ардагерлері қоғамының төрағасы, Осы салада 36 жыл ел үшін қызмет атқарған.Жергілікті әскери басқару органдары жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп азаматтарды әскерге шақыру учаскелеріне тіркеу, мерзімді әскери қызметке шақыру және т.б іс-шараларды орындады. Бұдан басқа, жергілікті әскери басқару органдары әскери қызметтің беделін арттыруға және жастарды патриоттық тәрбиелеуге бағытталған қоғамдық іс-шараларға белсенді қатысты. Сонымен қатар "Цифрлық Қазақстан" тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде Жергілікті басқару органдарында процестерді оңтайландыратын цифрлық технологиялар енгізіледі.
Количество показов: 459
Дата создания: 13.09.2024 08:09:50