Жер телімдері барлығына берілмейді
Ақтөбеде 84 мыңнан астам адам жер телімін алу кезегінде тұр. Жер бөлуге уақытша тоқтам қою жөнінде мораторий дәл қай уақытта күшін жояры белгісіз. Оған қоса қазір депутаттар да жерді тегін үлестіруге қарсы шығып жатыр. 2009-жылға дейін ақтөбеліктерге жер Ақжар аумағынан бұйырды. Инженерлік жүйелер толық өткізілмеген жерге баспана салып алып, артынан су, жарық, көгілдір отынымыз жоқ деп шу шығарған тұрғындар да болды. Жергілікті билік осындай жағдай қайталанбас үшін қаланың Бас жоспарын күтіп барып, шешім шығарады. Әзірше жер телімі қай учаскеден берілетіндігі беймәлім. Қалалық жер қатынастары бөлімі бастығы Қуаныш Жолдыбаевтың айтуынша, өңірімізде жер көп. Алайда жергілікті билік халық санын миллионға жеткізу үшін нақты істерді бірінші болып қолға алыпты. Ең алдымен жаңа қонысқа айналатын жерлерге жол тартып, бала - бақша, мектеп салып алу көзделуде. Содан кейін барып үй тұрғызуға жер бөлудің кезегі келеді. |
Количество показов: 2513
Дата создания: 12.03.2013 19:21:15