Желтоқсанда қалада жаңа балабақша пайдалануға беріледі
Әділет департаменті босатқан ғимарат балабақша ретінде қайта жарақтандырылудан өтті. Бұл жұмыстарға жергілікті қазынадан 200 млн теңге шамасында қаражат жаратылған. Жаңа бақша 240 орынға шақталған. Желтоқсан айында пайдалануға берілетін №42 балабақша "Айналайын" деп аталатын болады. 10 топ жасақталады. Әр топтың өз жатын, ойын бөлмесі, ас үйі, жуынатын бөлмесі бар. Қалалық білім бөлімінің басшысы Ләззат Оразбаеваның айтуынша, балабақшаға жолдама қарашаның 27-сі мен 29-ы күндері беріледі. Қазіргі таңда қала бойынша 25 мыңға жуық бала кезете тұр. Қалада биыл мемлекет меншігіне қайтарылған нысан жалғыз бұл емес. Бұрынғы облыстық физика-математика мектеп-интернатының орнынан келесі жылы 280 орындық балабақша ашу жоспарда бар. Одан бөлек, Нұр-Ақтөбе, Батыс-2 және Заречный елді мекендерінде балабақшалар салынады. Бүгінде облыс бойынша бөбектерді балабақшамен қамту деңгейі 83,5 пайызды құрады. |
Количество показов: 1894
Дата создания: 08.11.2013 19:17:49