Желаяқ полицейлер жарысты
Желаяқ полицейлер сынға түсті. Тәртіп сақшылары кәсіби мерекелерінің қарсаңында жеңіл атлетикадан жарыс ұйымдастырды. Спорттық шараға облыстық ІІД-нің 10 бөлімшесі мен №6655 әскери бөлімнің қызметкерлері қатысты. Эстафетаға әр командадан 8 адам, алты- жігіт, екі қыз қатысты. Жарысты жігіттер жағы бастап, мәре сызығын жүгіріп өту қыздарға міндеттелді. Эстафеташыларға қойылған талап- 2 400 метр қашықты жүгіріп өту. "Динамо" дене шынықтыру және спорт қоғамының бас маманы Зәуреш Истляуптың айтуынша, бұл-президенттік сынақта көрсетілген міндетті қашықтық. Тағы бір талап- арнай жасақ сарбаздары мен ІІД оқу орталығының тыңдаушыларынан басқа полицейлер жарыс алаңына формаларымен шықты. Жарысты ұйымдастырушылардың айтуынша, қылмыскердің ізіне түскенде, олардың ыңғайлы киім киюге уақыты бола бермейді. Сондықтан, барлық жағдайға дайын болуы керек. Ертең тәртіп сақшылары гір көтеруден, қол күрес пен арқан тартыстан сынға түседі. Жеңімпаздар дипломдармен, кубоктармен марапатталды. |
Количество показов: 2077
Дата создания: 21.06.2013 17:47:19