Жазатайым жарақаттан сақ болайық!
Бала кезде жиі кездесетін жарақат түрлері тұрмыстық жағдаймен сипатталады. Құлау, жаралану, күю, улану, өткір, кесетін заттармен жарақаттану, тыныс жолдарына әртүрлі ұсақ заттардың түсуі. Травматологтар әр жастың өзіне тән жарақаты барын айтады. Мәселен, 1 жасқа дейінгі сәбилер арбадан, төсектен, диваннан, үстелден құлауы мүмкін. Кейде баланың үстіне жоғарыда тұрған теледидар, люстра, сөре құлап жатады. Құдыққа, кәрізге құлау фактілері де жоқ емес. Облыстық көпсалалы балалар ауруханасында қазір жарақатпен 28 бала жатыр. Травмтология бөлімі 24 койкілік. Күн сайын кем дегенде 4-5 операция жасаймыз,-дейді маман. Ойын баласының жүрмейтін жері жоқ. Жұмысбасты ата-ананың қадағалауға уақыты жоқ. Оларға да кінә тағуға болмайды. Күнкөріс қамымен жүріп, баласын қауіп-қатерге тігіп кетеді. Әйтсе де, балаға бас-көз болып жүретін бір адам керек. Болмаса лагерьлерге берген жөн. Балалар ауруханасында дамылсыз жұмыс істейтін жалғыз бөлім де травматология. Қысы-жазы балалар жарақаты азаяр емес. Ыстық сорпа мен шайға күйіп қалған бүлдіршіндер, терезеден құлаған сәбилер, денесін үшкір зат тіліп кеткен балғындар мен қол-аяғы сынған жасөспірімдер күнде түседі. Баланы қараусыз қалдырмаңыз! Дәрігерлер осылай деп, дабыл қағуда. Қатер қас-қағым сәтте болып жатады. Велосипед алып берсеңіз, басы мен тізесін, шынтағын қорғайтын жабдықтарын да алыңыз. Көп қабатты үйде тұрсаңыз, терезеңізге темір тор орнатыңыз,-дейді ақ халаттылар.Количество показов: 281
Дата создания: 04.06.2024 06:20:02