Жаяу жүргіншілер өткелдері арбалы адамдардың жүруіне ыңғайлы етіп жарақтандырылуда
Қалада "Барлығы үшін ыңғайлы өткелдер" пилоттық жобасы іске қосылды. Қол арбаға таңылған адамдардың жолдың арғы бетінен бергі бетіне еш кедергісіз өтуін қамтамасыз ету мақсатында бүгін Ә. Молдағұлова даңғылы мен Т. Рысқұлов көшесінің қиылысқан тұсында жаяу жүргіншілер жолағы қайта жарақтандырылды. Сондай-ақ, зағип жандарға жолдан өтуге болатындығы туралы хабар беретін арнайы құрылғылар орнатылады. Бұл қол арбаға таңылған қала тұрғындарының ортақ мәселесі. Мүмкіндігі шектеулі азаматтар басқалардың көмегінсіз көшеден арлы-берлі өте алмайды. Сол себепті "Пандус-ОК" ЖШС басшысы, қала мәслихатының депутаты Шахан Жолдасбаев бұл кедергілерді жоюды қолға алған.
Бұл өткелдер мүмкіндігі шектеулі азаматтар үшін ғана емес, сонымен қатар кішкентай балалары бар ата-аналар мен қарапайым халықтың қозғалысына да ыңғайлы етіп жасалып жатыр.Биыл қалада 24 жаяу жүргіншілер өткелін мүмкіндігі шектелген тұрғындарға қолайлы етіп қайта жаңғырту жоспарланған. Жұмыстар жуырда аяқталады.
Количество показов: 630
Дата создания: 04.08.2021 18:24:14
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>