Жаяу жүргінші 3 тәулікке қамалды
Жолда жүру ережесін бұзған жаяу жүргінші жазаланды. Қайта-қайта тәртіп сақшыларының назарына іліккен жігіт қазір қамауда отыр. Тек үш тәуліктен соң бостандыққа шығады. Жолда белгіленбеген жерден өту жаяу жүргінші үшін қауіпті. Тек аурухана төсегіне таңылып қана қоймайсың, енді жолда жүру ережесін бұзғаның үшін қамауға да алынасың. Кеше жол сақшылары жол ережесін бұзған жас жігітті үш тәулікке тұтқындады. Тәртіп сақшыларын мұндай қатаң жаза қолдануға жігіттің бұған дейін үш мәрте ережені сақтамағандығы себеп болған. 22 жастағы жігіт тәртіп сақшыларының әрекетіне бұлтартпастан көнген. Қайта-қайта назарға іліккен жігітке жол сақшылары биылдыққа үш мәрте әкімшілік хаттама толтырып, 5 АЕК көлемінде айыппұл салған. Бұл-Ақтөбеде болып отырған бірінші жағдай. Жол полициясы басқармасының қызметкерлері бұл-өзге жаяу жүргіншілерге сабақ болып, жол-көлік оқиғаларының азаюына септігін тигізеді деген ойда. Жыл басынан бері облыс аумағында жаяу жүргіншілердің қатысуымен 156 жол апаты болған. 13 адам қайтыс болған. 5438 жаяу жүргіншіге жолда жүру ережесін бұзғаны үшін айыппұл салынды. |
Количество показов: 2823
Дата создания: 24.07.2013 17:59:06