"Жасыл ел" жасақшылары іске кірісті
Бүгін 750 студент еңбек жасағы қатарына қабылданды. "Жасыл ел" жасақшылары 3 маусым бойы қаланы қоқыстан тазартып, жаңа әлеуметтік нысандардың құрылыс жұмыстарына жұмылдырылатын болады. 2011 жылы ақтөбелік жастардың "Ауылдың гүлденуі-Қазақстанның гүлденуі" марафонын өзге өңірлер қолдағаны белгілі. Құрылыс жасақтарын ұйымдастыру жөнінен де жастарымыз көш бастап отыр дейді, "Атамекен" студенттік құрылыс отряды қоғамдық бірлестігінің төрағасы Нұрлыбек Мусин. Еңбек етем деген жастар қатары жыл санап көбейіп келеді. Мысалы, 2005 жылы еңбек маусымына 600 жауынгер қатысса, биыл олардың қатары 5000 адамға жеткен. Олардың екі мыңы- ауылдық жердегі жұмыстарға жұмылдырылады. Әр маусым - 22 күнге созылады. Студенттердің қолға алатын жалақы көлемі- 30 мың теңге. Жастар кез-келген жұмысқа құлшына кірісуге әзір. Араларында - тәжірибелі жасақшылар да бар. Студенттер еңбек маусымы оқу процесіне еш кедергі келтірмейді деген сенімде. Бүгін "Жасыл ел" жасақшылары үшін салтанатты жиын өтті. Облыстық ішкі саясат басқармасының басшысы Зәпен Жұмабаева жастарға сәттілік тіледі. Жасақшылардың еңбек маусымы тамызға дейін жалғасады. |
Количество показов: 2133
Дата создания: 13.05.2013 18:55:55