Жастар жаңа ғимаратта некелерін тіркетуде
Жаңадан бой көтерген АХАТ үйінде неке қию үшін екі зал бар. Ғимараттың ішінде қалыңдық пен күйеу жігіт дайындық жасайтын бөлме де қарастырылыпты. 3-ші қыркүйекте салтанатты түрде ашылған АХАТ үйінде бүгін екінші жұп некесін тіркетті. Жаңа АХАТ үйі бұрынғы ғимараттан айтарлықтай үлкен емес. Екі залда бір мезетте 50 - 55 жұпты қабылдайды. Бұрынғы АХАТ-та бір күнде 45 неке қиылатын. Дегенмен, ғимараттың артықшылықтары жоқ емес. Қызметкерлердің айтуынша, дәл қазір үйлену маусымы қызып тұрған шақ. 9 айда 3934 ақтөбелік үйленсе, 948 жұп ажырасқан. 65 жұп жылдың соңына дейін үйленуге тілек білдірген. Мұның себебі жаңа кодекске сәйкес жұптардың қалада тұрғылықты мекен-жайы болуы шарт емес. |
Количество показов: 2521
Дата создания: 10.09.2012 18:43:46