"Жастар кадрлық резерві" мектебіне іріктеу жүріп жатыр
Болашақ шенеуніктердің бағы жанатын сәт. Мұндай мүмкіндік 29 жасқа дейінгі қыз-жігіттерге беріліп отыр. Астанадан арнайы келген "Жастар кадрлық резерві" жобасының үйлестірушісі ақтөбелік жастардың арасында белсенділерін іріктеуде. Кадрлық резерв мектебін құру - "Нұр Отан" ХДП-ның идеясы. 2009 жылдан бері жұмыс жасап келеді. Осы уақыт ішінде ең талантты, білімді, білікті 206 қыз-жігіт мемлекеттік басқару саласында еңбек етуге мүмкіндік алған. Арасында жеке ісін ашқандар да-жетерлік. Әңгімелесуден өткен үміткерлер Астанада білім алады. Ресейлік және қазақстандық саясаттанушы, экономист, заңгерлер ұйымдастыру, басқару және жоспарлау секілді үш бағыт бойынша дәріс оқиды. Жобаға тек 29 жасқа дейінгілер қатыса алады. Мүмкіндікті қалт жібермейтін- Астананың жастары екен. Биылдың өзінде 500-ден астам адам жобаға қатысуға өтініш білдірген. Біздің өңірдің көрсеткіші- 127. Қатаң сыннан өткен жетеуі ғана оқуға жіберіледі. Республика бойынша 150 адам қабылдау жоспарланған. Жобаның мақсаты - қызметтік өсуге ынталанған, кәсіптік дағдылары және басқару біліктіліктері жоғары, ел мүддесі үшін тиімді жұмыс істейтін кәсіби жастарды іріктеу және оларды дамыту. Арнайы дәріс алып болған соң, әр үміткер жеке жобасын қорғауы тиіс. Ең жоғары балл жинаған үздіктерге мемлекеттік басқару жүйесі, бизнес және қоғамдық қызмет салаларында жоғарғы қызметке өтге ұсыныс жасалады. Сондай-ақ, кадрларға Қазақстан Республикасы парламенті мен барлық деңгейдегі мәслихаттардың сайлауалды науқанына, ұлттық компаниялар мен мемлекеттік бос лауазымдарға орналасу үшін байқауларға қатысуға мүмкіндік беріледі. |
Количество показов: 2593
Дата создания: 18.09.2012 18:40:46