Жастар ел тәуелсіздігін тойлады
Тәуелсіздік жастары азаттықты өздерінше түйсінеді. Бүгін қаладағы ойын-сауық орталықтарының бірінде ұйымдастырылған флэш-моб соның дәлелі. Бір топ ақтөбелік жас ел егемендігінің 21-жылдығына арнап, көпшілік алдында хор әндері мен бұқаралық билерді емін-еркін орындады. "Жасай бер, жаса, Қазақстан", "Тойбастар", және "Синг-синг". Флэш-мобта бас қосқан жастар репертуарындағы бұл әндерді сауда орталығына келген көпшілік жылы қабылдады. Хорды орындаған - Ақтөбе гуманитарлық колледжінің студенттері. Егемен елдегі еркіндікті жастар өздеріне жақын жанр - би арқылы да көрсетті. Бүгінгі флэш-мобқа олар "Ақтөбе", "Болашақ" және "Астана" атты үш түрлі би әзірлеген. Көрермендер қарап қалған жоқ. Қалағандары жастармен қосылып, би биледі. Азат елде туылған жастардың ойлары да азат. Қимылдары да еркін. Сауда орталығының қалыпты тірлігіне серпіліс берген жастар өздері де патриоттық рухпен тарасты. |
Количество показов: 2279
Дата создания: 12.12.2012 19:07:52