Жас жол инспекторларының слеті өтті
Бүгін облыстық "Жол қозғалысының жас инспекторы-2013" байқауы өтті. Шара жыл сайын облыстық жол полициясы мен білім басқармаларының ұйымдастыруымен өтеді. Байқауға 11 команда қатысты. 12 мен 14 жас аралығындағы оқушылар жол-көлік қозғалысы ережесі, жаяу жүргіншіге қойылатын талап жөніндегі білімдерін ортаға салды. Түрлі оқиғалардан жол тауып шығу шеберліктерін көрсетті. Бұл жыл сайын үзбестен өткізіліп тұратын жоғары маңызға ие қоғамдық тәрбие жұмыстарының бірі. Мектеп жасындағы балалар мен жасөспірімдер, әсіресе көлік қозғалысының қайнаған ортасы - қаладағы оқушылар жолда жүру ережесін білуге міндетті. Ал танымдық, тәжірибелік білім мен тәрбие беруді біздің елде жол полициясы мен білім жүйесі бірігіп қолға алған. Облыстық "Жол қозғалысының жас инспекторы-2013" слеті жол полициясы басқармасының ауласында өтті. Барлығы 11 топ. Қаладан екі-ақ мектеп атсалысып жатыр. Қалғандары аудандардан келді. Әр команда 12 мен 14 жас аралығындағы 10 оқушыдан құралған. Құрамында топ басшысы, жарақат алғанда көмек көрсететін санитар, жол қозғалысын реттеуші, жас тілші, санаткер, велосипедшілер бар. Былтыр облыстық байқауда Әйтеке би ауданынан келген мектеп озып шығып, республикалық сайыста төртінші орын алған. Биылғы жеңіпмаз команда облыстық білім басқармасының әзірлеген мақтау қағазымен, бағалы сыйлығымен марапатталып, шілдеде Шортанды қаласындағы "Балдәурен" сауықтыру орталығында өтетін республикалық кезеңге жолдама алады. |
Количество показов: 3480
Дата создания: 23.05.2013 18:02:22