Жасөспірімдердің репродуктивті апталығы жалғасуда
Осы тақырыпқа қатысты басқосуға медицина саласының мамандары, мектеп және емхана дәрігерлері, қоғам белсенділері қатысты. Мақсат бір- жасөспірім арасындағы ауруды азайту, алдын-алу, шараларын уақытында қолға алу.Облысымызда 185 мыңнан аса оқушы бар. Олар жылына 1 рет жалпы медициналық тексерістен өтеді. Дәрігерге көріну керек болған оқушы, келесі маман қабылдауына жіберіледі. Оқушылар арасында- көздің нашар көруі бірінші орында тұр. Баланың көзі шаршамас үшін және көру қабілеті төмендемес үшін түрлі гимнастика жасаса, көмек болады дейді дәрігер. Одан кейін жасөспірімдер арасында кең таралған - эндокриндік аурулар, яғни семіздік, артық салмақ, хирургиялық аурулар да көш бастап тұр дейді ақ халаттылар.Количество показов: 353
Дата создания: 26.06.2024 09:42:53