Жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол салушылық дерегі тиылмай тұр
Мемлекет қамқорлығына алынған балаларға берілетін жәрдемақы- білім мекемелеріндегі қызметкерлердің аранын ашты. Облыс прокурорлары мұндай жағдайлар тек балалар үйінде ғана емес, жалпы білім беретін орта мектептерде де орын алғандығын дәлелдеп шыққан. Былтыр жасөспірімдер құқын қорғау мақсатында жүргізілген тексеру барысында біраз заңсыздықтың беті ашылды. Облыс бойынша 21 мың баланың құқы қорғалды. 552 заң бұзушылық анықталып, оған жауапты білім саласы қызметкерлерінен мемлекетке 3 млн теңге көлемінде айыппұл өндірілді. Жасөспірімдер арасында өз-өзіне қол салушылық дерегі тиылмай тұр. Былтыр облыста жеті оқушы өз еріктерімен өмірлерімен қош айтысқан. Ал 40 жасөспірім суицид жасауға оқталған. Мәселен, Қарғалы селолық округіне қарасты Бадамша ауылдық мектебінде ұстазымен келіспей қалған 12 жастағы оқушы өмірімен қош айтысқан. Шалқар ауданындағы Шоқысу ауылдық мектебінде де дәл осыған ұқсас жағдай болған. Алайда білім беру мекемесінің әкімшілігі деректі жасырған. Ал жасөспірім өліміне себепкер мұғалім қызметін жалғастырып келген. |
Количество показов: 2259
Дата создания: 19.03.2013 19:16:02