«Zhas Project» жобасы көптеген кәсіп көзін ашты
"ZHAS PROJECT" шағын грант иесі атану үшін міндетті түрде ҚР азаматы болу шарт. Конкурсқа 18 жастан 35 жасқа дейінгілер, тұрақты немесе уақытша тіркеуі болуы және уақытша жұмыссыз жастар мәртебесі болуы керек.Облыс бойынша әлеуметтік жобаға қатысуға 289 адам ниет білдірген. Техникалық іріктеуден 74 і өтіп, байқау комиссиясының бағасынан кейін шағын грант алуға 14 жеңімпаз іріктелген. Шағын гранттар жеке кәсібін бастайтын жастарға беріліп отыр."ZHAS PROJECT" жобасының негізгі мақсаты - NEET жастарын әлеуметтік-экономикалық өмірге тарту және жұмыспен қамту. Байқауда халықтың осал топтары мен шалғай ауылдық елді мекендердің жастарына ерекше басымдық беріледі. Өз жеке кәсібін бастап, ақша тауып, пайдасын көремін дейтіндерге бұл таптырмас мүмкіндік екені сөзсіз.Количество показов: 387
Дата создания: 25.05.2024 06:58:52