Жас отбасылар мемлекеттен жалға алған пәтерлер тексерілді
Өкінішке орай, жас отбасылардың "Қолжетімді баспана 2020" мемлекеттік бағдарламасымен қол жеткізген пәтерлерінен өздері табылмай жатады. Есікті ашқандар не тума-туысқандары не пәтер жалдаушы болып шығады. Бұл жағдай заңсыз кәсіпкерлікке баланады. Қалалық әкімдіктің тұрғын үй қорын есепке алу секторының меңгерушісі Жанаргүл Дүйсекенованың айтуынша, соңғы айда "Нұр Ақтөбе" мен "Болашақ" аудандарынан 20-дан астам заңсыздық әшкереленген. Көбі баспаналарын туысқандарына беріп қойса, 2 отбасы пәтерін жалға берген. Заң бұзушылық анықталып жатса, түсініктеме алынып, түсіндіру жұмыстары жүргізіледі. Ескерту беріліп, учаскелік инспекторлардың толтырған хаттамалары мемлекеттік кірістер департаментіне шара қолдану үшін жолданады. Егер нәтиже шықпаса, мемлекеттік органдар сот арқылы жылжымайтын мүлікке өзге жас отбасыны қоныстандыруға құқылы. Бірақ, абырой болғанда әзір үйінен қуылған ешкім жоқ.
Количество показов: 2254
Дата создания: 10.08.2016 19:13:40