Жас күйшілер сайысы өтті
Қазақтың киелі аспабы- домбыра. Елде "Нағыз қазақ қазақ емес, нағыз қазақ домбыра, деген нақыл сөз бар. Бүгін балалық шақтарын домбыра үйренуден бастаған мектеп оқушылары арасында "Жас дарын" жас күйшілер байқауы өтті. Оған қала мектептерінен жиналған 8 бен 17 жас аралығындағы оқушылар қатысты. Домбыраның құлағында ойнайтын дарынды өнерпаздардың кәсіби шеберліктері бүгін сыналды. Солардың бірі 11 жастағы Жақсыберген Жаңабаев. Ұлттық аспабымыз-домбыра тартып жүргеніне 3 жылдан асыпты. Өнерге досы баулығанын айтады. Ата-анасы таңдауын қолдап, тапсырыспен домбыра да алып берген. Бүгінгі байқауға арнайы Құрманғазының күйі "Саранжапты" таңдапты. Саранжап- патшаның түрмесінде Құрманғазымен бірге жатқан қалмақтың үстем тапқа қарсы шыққан батыры.Қараңғы қапастан екеуі бірге қашып шығады.Сол бір тар жол,тайғақ кешуде кездескен досына арнап ұлы күйшінің шығарған күйі.Қалалық балалар мен жасөспірімдер шығармашылығы орталығының домбыра үйірмесіне 60 тан астам бала келіп жүр. Өңірде домбыра тартып үйренуге ниеттілер қатары көбейіп келеді, дейді педагогтар. Бүгінгі байқаудыңда мақсаты да осы- күйшілік өнерді өскелең ұрпаққа насихаттау.Количество показов: 106
Дата создания: 20.02.2025 01:20:50