Биыл өңірде 13 500 қаңғыбас ит пен 500 бас мысық аулау жоспарланған
Ол үшін 100 млн теңгеден артық ақша қарастырылды. Бұл туралы бүгін брифингте облыстық Ветеринария басқармасының басшысы Айбек Сембай мәлімдеді. Былтыр атқарылған жұмыстарды қорытындылап, жоспарларымен бөлісті. 100 млн.нан астам теңгенің жартысы жануарларды аулауға, 30 млн-нан астамы асырап, бағуға бағытталмақ.Ал, былтыр қаңғыбас жануарларды күтіп бағуға 201,5 млн теңге бөлінді. Жартысынан астамы ит, мысықты күтіп бағуға бағытталған. Тұрғындардың арызы бойынша 21 256 бұралқы ит пен 470 мысық ауланды. 15 000 нан көбі қалада. Десе де, ақтөбеліктер қаңғыған иттің азаймай отырғанына шағымданады. Аш иттер, әсіресе, қоқыс маңында көп. Одан өзге, былтыр өңірде ауыл шаруашылығы жануарларының аса қауіпті ауруларының 11 ошағы тіркелді. Пастереллез, құтыру, қарасан ошақтары. Ал, бруцеллез бойынша Мәртөк, Байғанин, Әйтеке би аудандарында 5 қолайсыз пункт тіркелген. Барлық ошақта сауықтыру жұмыстары жүргізілді.Биыл жануарлар мен құстарды 13 аса қауіпті ауруға қарсы вакцинациялау бойынша 10 млн нан астам манипуляция жүргізу жоспарланған. Қазір республикалық қордан бөлінген вакциналар аудандарға таратылып жатыр. Өңірде 56 типтік мал қорымы, 122 сібір жарасы көміндісі тіркеулі. Сібір жарасының көмінділері нақтыланып, ақпарат «Мемлекеттік жер кадастрының автоматтандырылған ақпараттық жүйесі» деректер базасына енгізілді. Ал, қазір аймақта 15 мал сою пункті мен 15 мал сою алаңы бар. Былтыр 2 мал сою пункті іске қосылды. Алға ауданында жаңадан екі осындай пункт салынып жатыр.
Количество показов: 109
Дата создания: 20.02.2025 01:23:12