Жас босанған аналар дәріс тыңдауда
Ана сүті балаға таптырмас тағам. Жас босанған аналарға осыны түсіндіру керек. Бүгін қалалық жедел жәрдем ауруханасының босану бөлімінде арнайы сабақтар өткізілді. Дәрігерлер балалы болған келіншектерді нәрестені емізудің ережелерімен таныстырды. Қалалық жедел жәрдем ауруханасының босану бөлімінде бүгін 23 нәресте дүниеге келді. Палаталарда сәбиін әлдилеп отырған 62 келіншек бар. Бұрын жаңа туылған бала анасының қолына берілмейтін. Қазір олай емес. Шарана бірден анасының төсіне жатқызылады. Бүгін дәрігерлер мен салауатты өмір салтын қалыптастыру орталығының мамандары жас босанған аналар арасында сауалнама жүргізіп, келіншектердің білімін байқады. Сәбиді ана сүтімен ауыздандыру туралы дәрістер оқылды. Кеңестер берілді. Мамандардың айтуынша, қазір баланы емізудің ережелері қалыптасқан. Нәресте алты айға дейін таза ана сүтімен тамақтануы тиіс. Түрлі балалар қоспасы тек жарты жылдан кейін рұқсат етіледі. |
Количество показов: 3169
Дата создания: 01.08.2012 21:31:23