Жапырақ жегіш құрттардың көзін жою шарасы басталды
Жасыл желектерді зиянкестерден залалсыздандыру жұмыстары жалғасуда. Қала бойынша барлығы 350 гектар аумақ қамтылуы тиіс. Мердігер компания бүгін Тургенев пен Бейбітшілік көшелері қиылысындағы қарағаштарды улап, зиянкес құрттардың көзін жойды. Бұл шараға бюджеттен 15 млн теңге қаражат бөлінген. Талапқа сай жасыл желекті улау уақыты кешкі сегізден таңғы алтыға дейін. Бұлай улы химикаттардың күн көзімен шағылысып жапырақтарды күйдіріп тастамауы үшін жасалады дейді мамандар. Қалалық тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық, жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімінің сектор меңгерушісі Хасен Юсуповтың айтуынша, биыл зиянкестер біршама аз. Осыған қарамастан улау жұмыстары Есет батыр, Батутин, Бөкенбай батыр көшесіндегі ағашты алқаптарда жүріп жатыр. Жаздың аптап ыстығы енді басталды. Шаһардағы гүлзарлар мен саябақтардағы тал-теректер түгелдей қамтылуы тиіс. Мердігер компания "Жасыл Орман құрылыс снаб" ЖШС - гіне жүктелген бұл міндет. Мамандар "Геркулес" препараты жапырақ жегіш құттарды жетінші кезеңге дейінгі дернәсілдеріне шейін жояды дейді. Демек қарағаштарға төнер қауіп аз. Бірақ, зиянкестердің ұшып жүріп азық іздейтінін де ескеру керек. Улау жұмыстары қаламызда төрт жыл бойы жүзеге асырылып келеді. Биыл 350 гектар аумақта өсіп тұрған жасыл желектерде алдын - алу шаралары жасалады. |
Количество показов: 2613
Дата создания: 14.06.2013 19:39:05