Жалаңашкөл оқиғасына биыл 55 жыл
Жалаңашкөл оқиғасына биыл 55 жыл. Тарихқа үңілсек бұрын екі алып мемлекет КСРО мен Қытай бір- біріне қару кезеңген кез болған. Бірден- бір себеп Қытай жауынгерлерінің шекарамызды заңсыз кесіп өтіп, кеңес әскерилеріне оқ жаудыруында. Бұл қақтығыс 1969 жылы 13 тамызда таңғы сағат 07:55 те басталған. Ұрыс 1 сағат 5 минутқа созылды. Ол кезде көл жағасындағы шағын поселкіде шекарашылар мен ауа райын бақылау станциясының қызметкерлері тұрған. Олардың арасында ақтөбелік азаматтар да болған. Жалаңашкөл оқиғасының куәгерлері Ақтөбеде де бар. Редакциямызға келіп, естелігімен бөліскен азамат, жастар тарихты білуі керек,-дейді. 18 тамыз- ел тыныштығы үшін күндіз түні күзетте тұрған шекарашылардың кәсіби мерекесі. Халқымыз үшін қастерлі ұғым болып саналатын, ата-бабадан қалған жерді қорғау, мемлекеттік шекараны күзету- үлкен абырой, маңызды жауапкершілік. Бүгінде Ақтөбе облысында 4 шекара қызметі бар. Олар-Жайсаң темір жол бекеті, Әйтеке би ауданы, Әлімбет пен Шалқар стансаларында орналасқан. Ұмыт болып бара жатқан күн. Сергей Жерновой "Жалаңашкөл" оқиғасы жайлы осындай пікірде. 50 шақты сарбазымыз өз жерімізге 200-ден астам шекара бұзушыларды кіргізбей қуып шықты. Бұл қарулы қақтығыстан қорғаушыларымыз зардап шегіп, қаза тапқандар да бар,-деп еске алады. Ақтөбеден "Жалаңашкөл" заставасындағы қақтығысқан 25 сарбаз қатысқан. Олардың дені қаза тапты.Количество показов: 384
Дата создания: 14.08.2024 06:36:44