Жағажайларда демалуға және шомылуға арналған аумақ қоқыстан тазалануы керек
Демалатын орындар шлюздерден, су электр станцияларынан, сарқынды суларды ағызатын жерлерден, мал қоралары мен суаратын жерлерден және басқа да ластану көздерінен алшақтау орналасуы керек. Яғни адамға ең алдымен қауіпсіз әрі таза болуы шарт дейді эпидемиолог дәрігерлер.Жағажай иелері суға шомылу маусымы басталар алдында, санитариялық-эпидемиологиялық мониторинг шеңберінде су қоймаларының суына және жағажайлардың құмына нормалау құжаттарының талаптарына сәйкестігіне зертханалық зерттеулер жүргізіледі. Бұл тексерулер санитарлық қауіптің алдын алады. Осы жылы зерттеулерге 134 су сынамасы алынып, 108 топырақ сынамасы іріктеліп зерттелді.Количество показов: 292
Дата создания: 27.06.2024 11:28:52