Жаңа жылға қарсы мейрамханалардың бағасы көтерілді
Жаңа жылға санаулы күндер қалғанда кафе, түнгі клубтардың бағасы шарықтап кетті. Қаладағы мейрамханаларда желтоқсанның 25-31 аралығында бос орын жоқ. Орталық көшелердегі демалыс орындары бұл күндері таңға дейін үзіліссіз жұмыс жасауға көшіпті. Аяз ата мен Ақшақар. Әсем шырша. Үстел толы жеміс-жидек пен аққайнар. Биыл да кафе, мейрамхана, түнгі клубтар осы секілді қызметтері мен тағамдарын ұсынады. Дегенмен 2013 жылды үйден тыс жерде қарсы алғысы келетін ақтөбеліктерге мереке қымбатқа түсетінге ұқсайды. Жаңа жылды қала тұрғындары әртүрлі қарсы алады. Сауалнамадан көз жеткізгеніміздей, кейбіреуі мейрамхана, клуб, қала сыртындағы демалу орындарына барамыз десе, орта буын отбасымен үйде болғанды, жақындарын құттықтағанды қалайды. Қалай болғанда да жаңа жылды қарсы алуға әзірлік жасап жүргендердің қарасы көп. Жаңа жылға тура 1 апта қалғанда қаладағы мейрамханаларда ұжымдық кештер өткізу қызу өтіп жатыр. Оны кафе әкімшілері растады. Олардың айтуынша, 25-ші желтоқсаннан бастап бос орын мүлдем жоқ. Бірақ, нақ орталық көшелердегі шағын демалу орындары арнайы жаңа жылдық шоу бағдарлама дайындамапты. Тіпті аяз ата мен оның немересі ақшақар да болмайды. Бірақ, бұл күнгі баға 5 мыңнан кем емес. Дәл 31-інде таңғы 5-6-ға дейін жұмыс жасайды. |
Количество показов: 2317
Дата создания: 24.12.2012 19:15:04