Аудан әкімі есеп берді
Бүгін Мұғалжар ауданының әкімі соңғы 10 айдың есебін берді. Аудан өңіріміздің орталық бөлігінде орналасқан, солтүстігінде Алға және Хромтау аудандарымен, оңтүстігінде Байғанин және Шалқар аудандарымен, батысында Темір, шығысында Әйтеке би аудандарымен шектеседі. Ауданның әлеуметтік - экономикалық дамуының негізігі 7 көрсеткіші бар. Аудан 37 елді мекен 3 қалалық әкімдік пен 12 ауылдық округке біріктірілген. Орталықтандырылған ауыз сумен 12 ауылдық округ,3 қала қамтамасыз етілген. Сонымен қатар қала ішілік жолдарға жөндеу жұмыстары жүргізіліпті. Атап айтқанда, Қандағаш қаласында 5 көше,Ембі қаласында 5 көше жөнделіп, халықтың қолданысына берілді. Биыл Ембі, Талдысай,Алтынды жаңа мектептері қолданысқа берілді. Былтырғы жылы «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында Қандыағаш қаласынан жаңа мектеп құрылысы басталды, мектеп келесі жылы қолданысқа беріледі деп жоспарлануда. Сонымен қатар аудандық бюджеттен мәдениет саласына арнайы 80 млн-нан астам қаражат бөлінген.Көктемгі су тасқыны кезінде аудан бойынша жалпы 76 тұрғын үй суға кеткен.Осыған байланысты 76 тұрғын үйге техникалық тексеру жұмыстары жүргізіліп, қортындысының нәтижесінде 7 үйге күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілген. 55 отбасына дайын тұрғын үйді сатып алу және 14 жаңа тұрғын үй құрылысын жүргізуге шешім қабылданды дейді аудан басшысы.Сонымен қатар, облыстық денсаулық сақтау басқармасының жоспарына сәйкес Мұғалжар аудандық ауруханасын ауданаралық орталық ауруханасына бейімдеу бойынша жұмыстар жүргізілуде. Қазіргі таңда аудандық аурухана 35 мыңнан астам тұрғынға қызмет көрсетсе, бейімделгеннен соң 140 мың тұрғынға қызмет көрсете алатын болады.Количество показов: 322
Дата создания: 23.11.2024 07:49:52