Дүкен сөресінде картоп , сәбіз, пияз келісіне 70 теңгеден қойылған. Тұрақтандыру қоры арқылы тағы бір әлеуметтік сауда нүктесі ашылды. Жаңақоныс ауылында пайда болған азық-түлік дүкенінде қысы- жазы шекті баға сақталады. Екі күн қатарынан бұл жерде азық-түлік жәрмеңкесі өтіп, ауылдықтар арзан өнімге қарық болды."Халық сауда" шағын көтерме дүкені Жаңақоныс ауылында пайда болды. Бұл қалада ашылып тұрған жетінші сауда нүктесі. Алматы көшесінен бой түзеген әлеуметтік дүкенде азық-түлік бағасы базар нарқынан 10-20 пайызға арзан. Тұрақтандыру қоры арқылы халықты отандық арзан өніммен қамтамасмыз ету үшін осы жерде жәрмеңке өткізілді. Бұл жәрмеңкеде де әдеттегідей кісі қарасы көп болды. Жегілікті өнімге қашан да халықтың сұранысы жоғары, дейді дүкендер желісінің өкілі .Тұрақтандыру қорының қолдауымен ашылған дүкенде картоп, пияз, сәбіз келісі 70 теңгеден сатылуда. Жаңақоныс ауылында алғаш рет өткен жәрмеңкеде бір сағаттың ішінде 10 тонна картоп, 500 келі сәбіз,200 келі қызылша,300 келі ет өтіп кеткен.
Жәрмеңкеде сатылған көкөніс "СХФ Пригородный" ЖШС алқаптарында өсірілген. Алдағы күндері жәрмеңкеде келісі 1600 -ден 2000 теңгеге дейін ет сатылады. Ал "Халық сауда" дүкені биыл Ақжар, Пригородный елді мекендерінде де ашылатын болады.
Количество показов: 746
Дата создания: 05.10.2020 18:47:07
Программы
Факт
Информационная программа «ФАКТ» основана в 1994 го... Подробнее >>
Тәулік
«Тәулік» ақпараттық бағдарламасы телеарнадағы б... Подробнее >>