Жаңа оқу жылында өңірімізде 70 310 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылады
Баланың денсаулығы мен дене бітімі, ақыл-ойының дамуына сапалы тамақтанудың маңызы зор. Мектепте бала жарты күннен астам уақытын өткізеді. Дұрыс ұйымдастырылған тамақтандыру оқушылардың денсаулығын нығайтып, оқу қабілетіне де пайдасы зор екені сөзсіз. Биыл облысымызда 70 мыңнан аса бастауыш сынып оқущылары тегін тамақтанатын болады.Ағымдағы оқу жылында мектеп оқушылары арасында мектеп асханаларынан ішек және тағамнан улану жағдайлары тіркелген жоқ. Ал облыста 2024 жылдың басынан сәуір айының соңына дейін жүргізілген тексерісте прокуратураның талабына сәйкес 338 мектеп асханалары жоспардан тыс тексерілді. 256 білім беру нысаны талапқа сай болмай шықты. Санитарлық нормалар бұзылған.Басқарма ұйымдастырған жоспардан тыс тексеріс қортындысы бойынша 7 436 990 теңге көлемінде 123 тұлғаға айыппұл салынды. 3 іс сотқа жолданып, оның ішінде соттың шешімдері бойынша айыппұлдар салынды. Алдағы оқу жылына департаменттің және облыстық білім беру басқармасымен бірлесе отырып, білім беру ұйымдарының 2024-2025 жаңа оқу жылына дайындығын қарау және бағалау мақсатында мониторинг ұйымдастырылады.Количество показов: 277
Дата создания: 28.08.2024 09:25:44