Жаңа үлгідегі банкноттар айналымға енді
Ескі банкноттармен қатар елімізде 29 наурыздан бастап 2 мың теңгелік жаңа үлгідегі ақшалар айналымға енді. Дизайны өзгерген 2 мың теңгеліктер өлшемі 139-73 мм жоғары сапалы қағазда дайындалған. Елімізде ең соңғы рет банкноттардың дизайны 2006 жылдың 15 қарашасында өзгерген болатын. Одан кейін 2011 жылы Қазақстанда қысқы Азия ойындарының құрметіне дәл осы 2 мың теңгелік банкноттардың естелік үлгілері шықты. Енді міне араға 2 жыл салып 2 мың теңгенің жаңа үлгісі жарық көрді. 2 мың теңгелік жаңа үлгідегі банкноттың оң жағында "Қазақ Елі" монументі, ал төменгі бөлігінде ұшып жүрген көгершіннің бейнесі бейнеленген. Ал келесі бетінде Ертіс өзені мен Қазақстан картасының сұлбасы бар. Банкноттың қағазы мақтадан дайындалған және ультракүлгін сәуленің әсерімен жылтырамайды. Сондай-ақ банкнотты жарыққа тосып қарағанда самұрық құсының бейнесі анық көрінеді. Мамандар ескі үлгідегі банкноттарды қолдан жасауға қатысты қылмыстың артқанын айтады. Соған орай соңғы үлгідегі ақшаның қорғаныс белгілеріне де талап күшейген. Жаңа дизайндағы 2 мың теңгеде осындай 12 қорғаныс белгісі бар. Банкнот 2 әріпті сериядан және биіктігі әртүрлі 7 таңбалы саннан тұрады. Бет жағында түс ауыстыру қасиеті бар ені 4 мм қорғаныш жібі мен саусақтың ұшымен ғана ажыратуға болатын шығыңқы элементтері орналасқан. |
Количество показов: 2273
Дата создания: 01.04.2013 18:51:46