Жаңа балабақшалар пайдалануға берілді
Өткен демалыс күндері Ақтөбеде тағы да 2 балабақша ашылды. Білім күнінде тұсауы кесілген "Ертөстік", "Еркемай" атты мектепке дейінгі білім беру орталығы 12 мөлтек ауданда орналасқан. 600 орынға лайықталып салынған ғимараттың ашылу салтанатына облыс әкімі Архимед Мұхамбетовтің өзі қатысты. Одан әрі өңір басшысы Садовый елді мекенінде болып осы ауылдағы салынып жатқан мектеп құрылысымен танысты. Білім беру мекемесі 100 оқушыға есептелген. Жалпы ауданы 1600 шаршы метр. Материалдық-техникалық құралдармен толық жабдықталған бұл білім ошағында оқушылар бір кезеңде оқиды. Сондай-ақ екі қабатты ғимаратта 20 оқу кабинеті, шеберхана, спорт залы, асхана бар. Мұнда оқушылардың жан-жақты дамуы мен денсаулықтарын нығайтуға да барлық жағдай жасалған. Мекеме алаңы оқыту-тәжірибелік, денешынықтыру-спорттық, демалыс және шаруашылық аймақтарына бөлінген. Спорттық аймақта жүгіру жолы бар спортядро, футбол алаңы, волейбол мен баскетбол алаңқайлары, сондай-ақ теннис үстелдері орналасқан. Садовый елді мекенінде 400-ге жуық үй, 100-ден астам мектеп жасындағы бала бар. Алайда осындағы оқушылардың бәрі осыған дейін ауылдағы бастауыш мектепте оқып келген болатын. Ауыл тұрғындарын қинап жүрген тағы бір мәселе жолдың жайы. Шұрық-тесік болып, қырық жылдан бері жөні түзу жөндеу көрмеген жолды да биыл өңір басшысы жаңартамын деп уәде етті. Жақын уақыттары облыс көлемінде 26 мектеп бой көтермек. Оның 12-сі осы жылы пайдалануға беріледі деп жоспарлануда. |
Количество показов: 3196
Дата создания: 03.09.2012 19:23:58