Жаңа автобустар пайдалануға беріледі.
"Автопарк" ЖШС - нің балансында 200 - ден астам автобус бар. Күн сайын 145 автобус қала тұрғындарын тасымалдауға шығады. Бірнеше ай бұрын "Автопарк" ЖШС - і 12 жаңа автобуспен толыққан болатын. "Youtong" маркалы автобустардың іші жайлы, жылы әрі бейнебақылау камераларымен жабдықталған еді. Сондай - ақ, мүгедектер үшін арнайы пандустарда орнатылған болатын.Қалалықтар су жаңа көліктердің жұмысына көілдері толатынын айтады. Діттеген жеріңе уақытылы жеткізіп тұрады, дейді олар. Өздерінің бұрынғыдай 30 - 40 минут аялдамада тұрып қалмайтындарын жеткізді. Дегенмен , қалада әлдеқашан тозығы жеткен автобустар да толып жүр. Олар 24 - ші және 23 - ші бағыттағы автобустар. Бірі қала аумағында тұрғындарды тасымалдаса, енді бірі Қызылжарға қатынайды. Автобустардың іші лас, әрі жағдайы нашар, дейді тұрғындар.Айта кетейік, жыл соңына дейін "Автопарк" ЖШС - і тағы 30 автобуспен толығатын болады. Жаңадан қолданысқа енетін автобустар 11 - ші, 25 - ші, 1 - ші бағыттарда тұрғындарды тасымалдайды. Жұмсалатын қаражат сомасы 2 млрд теңгені құрайды. 24 - ші бағыттағы қоғамдық көлік те жаңа автобуспен жаңартылатын болады.Количество показов: 328
Дата создания: 28.11.2023 09:08:05