Жүзге тарта отбасы баспаналы болды
Қалалық тұрғын үй қатынастары бөлімінде ұзақ жыл кезекте тұрған 88 адам бүгін осы үйден пәтер алып жатыр. Жаңа заманға сай сәулетті , қаладағы танымал құрылыс компаниясы салған тұрғын үйдің сапасы өте жоғары. Баспана әр шаршы метріне 160-165 мың теңгеге бағаланған. Пәтерлердің ішкі әрлеу жұмыстары да қоныстанушылардың көңілінен шыққанға ұқсайды. Бүгін пәтер кілтін қолына алған тұрғындар үшін баспана ұзақ жылға жалға беріледі. Пәтердің әр шаршы метріне 100 теңгеден ғана төлейді. Мерзімі аяқталғанда пәтер олардың жеке меншігіне өтеді.Бұл үйдегі пәтерлерге қол жеткізген адамдар асыраушысынан айрылған отбасылар, көпбалалы аналар, ауған соғысының ардагерлері, жалпы әлеуметтік қолдауға ие 6 санат бойынша үй кезегінде тұрғандар. Ал жалпы қала бойынша қазір 24 мыңнан астам адам баспана алу үшін кезекте тұр.
Количество показов: 670
Дата создания: 15.12.2020 18:41:43