Жүрек жылуынан шыққан жылы киімдер
Жүрек жылуымен тоқылған жылы киімдер. Бүгін Алға балалар үйінің тәрбиеленушілері үшін "Ақбөбек" білім беру орталығында "Жылы шұлықтар" қайрымдылық акциясы өтті. Шараға жетпістен астам қолөнер шеберлері, зейнеткерлер, дәрігерлер, тілшілер қауымы атсалысты. Қолынан іс келетіндердің арасында қала бақшаларында тәрбие алып жатқан жеткіншектердің ата - аналары да бар. Көп түкірсе көл. Бүгін қайырымдылық шарасына қатысу үшін Қандағаштан бір топ ісмер жандар жиналды. Былтыр аталған әлеуметтік акция аясында 300- ден астам жылы шұлық таратылған. Ал бүгін Алға балалар үйіне 700 жылы тоқыма киімдер табысталды. |
Количество показов: 1964
Дата создания: 23.10.2013 19:06:56