Жүрек аурулары жасарып барады
Ең үлкен қауіп факторлары – жоғары қан қысымы, қант диабеті, жоғары холестерин және семіздік. Бұлардың барлығы оттегіге бай қанды жүрекке жеткізетін артериялар мен қан тамырларын бітеп, зақымдауы мүмкін. Алаңдатарлық тенденция, инфаркт егде жастағы адамдар арасында азайғанымен, жастар мен орта жастағылар арасындағы үлесі бүкіл әлемде артып келеді. Кардиологтар мұны төтенше жағдай деп санайды. Стресс кез-келген ауруды өршітіп жіберетін анық. Қазіргі жастар стресске шыдамсыз,-дейді. Елімізде жыл сайын 40 мыңнан астам адам жүрек-қан тамырлары ауруларынан қайтыс болады. Ал биыл көрсеткіш 13%-ға өскен. Дәрігерлер дабыл қағуда. Себебі, көпшілік ауру асқынғанда ғана медицbналық көмекке жүгінетін көрінеді.Көпшілік инфракт тек үлкен кісілерде болады деп ойлайды. Алайда, ауру жасарған. медицина ғылымдарының докторы Бекболат Жолдиннің айтуынша, Ақтөбе медициналық орталығында жүрек талмасына ұшыраған 24 жастағы науқас түскен.Спорт, уақытыл ұйқы мен сабырлы болу. Бұл-кез-келген сырқаттың алдын алады. Дүниедегі ең керемет мотор көкірегіңіздің сол жағында орналасқанын ұмытпаңыз. Ол тоқтаса тіршілік те тоқтайды.
Количество показов: 296
Дата создания: 13.08.2024 05:37:32