Жұмысынан кемшілік анықталған жолдар қайта жөнделіп жатыр
Қаладағы жол жөндеу жұмыстарына жүйелі түрде тексеру жүргізіп тұратын Жол активтерінің ұлттық сапа орталығы мен "Адалдық алаңы" жобалық кеңсесінің өкілдері бұл мердігерлердің қателіктерін түзетіп отырған алғашқы жағдайы емес екенін айтады. Осындай кемшіліктер бұған дейін қаланың Абай даңғылында, Жанқожа батыр көшесінде де анықталған. Биылғы жылы қаланың 97 көшесінде жолдар күрделі жөндеуден өтуде. Мамыр айынан бері арнайы тексеру тобымен 56 көшенің асфальт жабыны зертханада тексерілген. Жалпы жол жөндеу жұмыстары қазан айында толығымен аяқталуы тиіс.
Количество показов: 942
Дата создания: 07.09.2020 19:09:36