"Жұмысым жоқ",-деген желеумен алимент төлемей жүрген әкелерге жұмыс жәрмеңкесі өтті
Ұсынылған бос жұмыс орындары жәрмеңкесінде желдеткіш жүйелерін орнатушылар, тазалықшы , жүк тиеуші , жүргізуші сияқты мамандықтарға деген сұраныс жоғары болып тұр. Өндірістік және қызмет көрсету саласы бойынша бұл шараға 16 мекеме, 42 кәсіпорын қатысып, бос жұмыс орындарын ұсынған екен. Жұмыс берушілер қатарында қаладағы ірі- ірі өндіріс орындары да болды. Жәрмеңкеге жұмыс іздеп келгендер арасында түзету мекемелерінде болғандар, бас бостандығынан айырылып, есепте тұрғандар мен алимент бойынша берешегі өсіп кеткен ер азаматтар көп. Облыс әкімінің қаулысына сәйкес пробация есебенде тұрған тұлғаларға 11 мекеме 17 бос жұмыс орнын ұсыныпты. Ал, бас бостандығынан айырылғандарға 5 мекеме 11 жұмыс берген.Количество показов: 389
Дата создания: 27.07.2024 06:38:59