Жұмыссыздар жұмыстан қашады
Жұмыссыздар қайта мамандануға, біліктілігін арттыруға құлықсыз. Қалалық жұмыспен қамту орталығы басшылығының айтуынша, олар мерзімдік жұмыстан әлдеқайда жақсы пайда табады. Сондықтан, әлеуметтік жұмыс орындарына барудан үзілді-кесілді бас тартады. Өткен аптада сауда орындары, қаладағы базарларды аралап, жұртшылыққа "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасының мақсатын таныстырған болатын. Бүгін кезек- жол бойында табыс тауып жүрген жігіттерге келді. Олар баяғы әдеттеріне басып, кәсіптері туралы тіс жарғысы келмеді. Қалалық жұмыспен қамту орталығынан келгендердің ақпаратын тыңдауға да құлықсыздық танытты. Орталық директоры Нұрия Әбіләкімованың айтуынша, өз бетінше жұмыспен айналысып жүргендер бағдарлама аясында ұсынылған жұмыс орындарына барғысы жоқ. Себебі, 45 мың теңге жалақыны азсынады. Кеңес Нокин даңғылын тұрақты жұмыс орындарына айналдырып, тапқан ақшасымен отбасын асырап жүргендердің арасында жас жігіттер де, елуді еңсерген азаматтар да бар. Қазір- олар үшін жұмыстың қызатын шағы. Күніне 10 мың теңге табады. Қара жұмысты уақытша кәсіп қылғандар да жүр. Ауысыммен жұмыс жасап, қалған демалыс күндерінде бос жатпай, жұмыс істейтіндер бар. Қалалық жұмыспен қамту орталығы өз бетінше жұмыс жасап жүргендерді, жұмыссыздарды және табысы аз адамдарды оқытып, әрі қарай жұмысқа орналастыру мүмкіндігін қарастырып отыр. Алда "Жұмыспен қамту-2020" бағдарламасы шеңберінде 300 жұмыс орны ашылады, ал бағдарламаның 4-ші бағыты бойынша 100 құрылысшы қажет. Жалақысы 45 мың теңге. Жыл басынан бері 1370 адам жұмысқа орналастырылған. Ал жұмыссыздар кезегінде бүгінде қала бойынша 423 адам тұр. |
Количество показов: 2014
Дата создания: 23.07.2013 18:48:38