Жұмыссыздар сүңгуірлікті меңгеріп жатыр
Жағажайлар ашылғанша облыстық суда құтқару қызметі 100 ерікті ер азаматты сүңгуірлік кәсіпке үйретіп шығаруы тиіс. Бұл үшін облыс бойынша жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрған адамдар арасынан суда жүзуге икемі барлар таңдап алынған. Солардың бүгін алғашқы легі, яғни 21 адам теориялық сабаққа қатысып, Ақтөбе су қоймасы жағасында сүңгуірлердің құрал-сайман, техникасымен танысты. Зардап шегушіге алғашқы медициналық көмек көрсетуді үйренді. Су-тоғандарда ведомстволық құтқару бекеттері құрылуы тиіс. Облыс әкімдігінің бұл тапсырмасын қазір облыстық төтенше жағдайлар департаментінің суда құтқару қызметі орындап жатыр. Ол үшін алдымен ерікті ер азаматтардан сүңгуірлер дайындалуда. Еріктілер жұмыссыз ретінде тіркеуде тұрған адамдар арасынан таңдалды. Былтыр облыстық суда құтқару қызметі 55 адамды дайындаса, биыл 100 еріктіні оқытпақ. Бүгін сабаққа қатысқан адамдардың арасынан бір азаматшаны көзіміз шалды. Жанна Мәмбетжанова Мұғалжар ауданының тұрғыны. Жасы 25-те. Бойжеткен сүңгуірлікті үйрену үшін сабаққа өз еркімен қатысып жатыр. 1-ші маусымда жағажайларда суға шомылуға рұқсат берілісімен еріктілер сүңгуірлерге көмекке келеді. Бүгін Ақтөбе су қоймасы етегінде еріктілерден сүңгуірлерге қандай көмектің қажет болатындығы көрсетілді. Зардап шегуші артынан суға еніп кеткен сүңгуірге жағада тұрып арқан лақтыру, құтқару шеңберін жеткізудің өзі үлкен жұмыс. Биыл қалада 7 жағажай жұмыс жасайтын болады. Оның екеуі жаңадан ашылып жатыр. Бірі Ақтөбе су қоймасындағы Інжу жағажайы және екіншісі Елек өзеніндегі жағажай. Ескерту белгілері қайта жаңартуды қажет етеді. Бұрынғылардың орнына қайтадан 50 белгі орнатылады. |
Количество показов: 1989
Дата создания: 27.05.2013 17:53:48