Жұмыспен қамту бағдарламасына сәйкес 60 ақтөбелік тегін оқытылуда
Бірінші қыркүйектен бастап қаладағы бес колледжде 60 ақтөбелік тегін оқып жатыр. Олардың арасында жаңа мектеп бітіргендер, жасы 29-ға таяп қалғандар да бар. Түлектер жұмыспен қамту бағдарламасына сәйкес 2 жыл 10 ай оқып, айына 12 мың теңге шәкіртақы алады. Биыл 1325 ақтөбелік қалалық жұмыспен қамту орталығына жолығыпты. Бас сұққандардың 1280-інің екі қолына бір күрек табылды. Жастары 50-ден асып кеткен 601 адам әлеуметтік жұмыстарға орналасқан. Жастар тәжірибесі негізінде ұзын-саны 678 бойжеткен мен бозбала 156 мекемеге бөлінген. Олар 6 ай тәжірибеден өткен. Бірақ, 64-і ғана мекемелерде тұрақтап қалған. 6 мамандық бойынша 44 адам даярлық курсынан өтіпті. Қалалық жұмыспен қамту орталығындағылар, әлі де еңбек нарығында дәнекерлеуші, электр маманы, балқытушы, тәтті пісірушілер өте қажет дейді. Сондай-ақ, биыл 10 ауыл кәсіпкеріне 5 жыл ішінде қайтарылатын, 7 жарым пайызбен несие үлестірілген. Тартымды жобалар ішінде- Благодар ауылындағы монша, Бауырластардағы кілем шеберханасы, Қурайлыдағы жылыжай бар. |
Количество показов: 2364
Дата создания: 20.09.2012 20:15:23