"Жұмыс беруші алдап кетті"
Осыдан екі жыл бұрын жұмыс бабымен Олег Гейко Батамша ауылындағы вахталық қызметіне барады. Ол күзетші міндетін атқарса да, басшылар оған асханаға ауыз су тартуды тапсырады. Түннің бір уағында асханаға су тартып жатқан Олег Гейко баспалдақтан құлап, жазатайым оқиғағ орын алған, аяғы сынды. Өндірістік жарақат алып аудандық ауруханада жатқан кезде жұмыс берушілер хабарласып, көмек көрсететіндерін айтып өтініш жасады. Менің өндірістік жарақаттан аяғымның сынғанын дәрігерлерге айтпауымды сұрады. Үйіп-төгіп уәде берді. Кейіннен олар өз сөздерінен жалтарып шыға келді. Ал мен аяқ астынан 2-ші топтағы мүгедек болып қалдым,- дейді Олег Гейко. "ЮжПромСнаб" серіктестігі басшылары бір рет қана 50 мың теңге көлемінде қаржылай көмек беріпті. Кейін, өндіріс орнында зардап шеккен жұмысшысын мүлдем ұмытқан. Олег Гейко Астанаға барып ота жасатқан, әрі бері жол ақысын таба алмай қиналғанын айтады. Ақыры әпкесі жолы мен пәтер жалдап тұруын көтеру үшін несие алыпты. Ал, жұмыс берушілер көмек көрсетуден бас тартқан. Адвокат жалдап , сотқа жүгінуге де мүмкіндігі шектеулі жанның жағдайы жоқ. Облыстық еңбек инспекциясы басқармасының басшысы Жандос Әлімов бұл іс бойынша шағымданушының арызы қаралап жатқанын айтты. Арнайы тексеру жүргізілетін болады,- дейді ресми орган өкілі.Количество показов: 372
Дата создания: 25.07.2024 00:35:01