Жүк көлігі жанып кетті
Бүгін "Самара-Шымкент" тас жолында ірі өрт оқиғасы болды. "Сканиа" жүк көлігі түгелдей дерлік жанып кетті. Көлік жүргізушісін періштесі қаққан, дін -аман. Көлікті қызыл жалын шарпығанда, секіріп үлгерген. Қаңқасы ғана қалған жүк көлігі Қостанайдан қалаға келе жатқан. Жиырма тонналық "Сканианың " тиегені- жүгері таяқшалары екен. Жанармайы таусылған көлік жүргізушісі қожайынына хабарласып, мән-жайды телефон арқылы түсіндіреді. Қожайыны төлем картасына тиесілі соманы аударатынын айтқан. Сол екі арада мызғып алмақшы болған жүргізуші кенет көліктің іші ыстық болып бара жатқанын сезеді. Дереу, терезеден секіріп үлгергені сол екен, көлікті қызыл жалын шарпиды. Оқиға орнына жеткен өрт сөндірушілер мен жол сақшылары жүргізушінің аман қалғанына таң қалысуда. Елуді еңсеріп қалған жүргізушінің аяғындағы шұлығы ғана зақымданған. Денсаулығына шағымданбаса да, оқиға орнына келген жедел жәрдем қызметінің дәрігерлері жүргізушіні тексерді. Ал адам өлімімен аяқталған жол апаты бүгін түнде болған. Айналма тас жолда келе жатып, жолында кездескен кедергіге қарамастан, жылдамдықты асырған жүргізуші көлігін аударып алған. Тізгіндегі 33 жастағы азамат апат болған жерде жан тапсырды. |
Количество показов: 2164
Дата создания: 24.06.2013 18:42:36