Жігіт өзімен танысудан бас тартқан үш қызға тапаншадан оқ атты
21-жастағы ақтөбелік жігіт өзімен танысудан бас тартқан үш бойжеткенді травматикалық тапаншамен атты. Абырой болғанда, оқ қыздардың аяғына тиген. Дәрігерлердің көмегінен соң, бикештер үйлеріне тараған. Бұзақы жігіт те көп ұзамай қолхатпен босатылды. Жұма күні таңғы сағат бесте қалалық жедел жәрдем ауруханасына көмек сұрап, 20-21 жастағы үш қыз келген. Үшеуінің де аяғы жаралы. Жауап алу кезінде бикештер көшеде бейтаныс мас жігіттің қаһарына іліккендерін айтқан. Қыздармен тіл табыса алмаған жігіт қаладағы мекемелердің бірінде күзетші болып жұмыс жасайды. Оның үстінен Қылмыстық кодекстің " Бұзақылық" бабы бойынша іс қозғалды. Сот-медициналық сараптама жүргізіліп жатыр. Жігіттің өзі қолхатпен босатылған. Полиция қызметкерлері осыдан он күн бұрын "Алля-Аят" және "Фархат-Ата" әдістері арқылы халықты емдеп жүргендердің әрекетіне тосқауыл қойды. 42 және 56 жастағы екі әйел 101-атқыштар бригадасы көшесінде коттедж жалға алып, ем жүргізген. Дәстүрлі емес емнің бұл түрлеріне біздің елде әлдеқашан тиым салынған. Ақтөбеде жүргізушіден пара алған жол полициясы қызметкерінің үш жылға бас бостандығы шектелді. Бұл туралы облыстық қаржы полициясына сілтеме жасап "Қазақстан-Жаңалықтар" агенттігі хабарлайды. Департаменттің баспасөз қызметкері Махаббат Дармышеваның айтуынша, іздестіру бөлімінің инспекторы жүргізушіні жол апатына кінәлі деп танып, бабын көрсетпестен әкімшілік хаттама толтырған. Және куәлігін өзіне қайтарып берген. Осы үшін көлік иесінен 20 мың теңге сыйақы алған. Облыстық сот жол сақшысын жазықты деп шешті. Ол енді 5 жыл мемлекеттік қызметке орналаса алмайды. |
Количество показов: 2542
Дата создания: 22.04.2013 18:07:11