Жұбанов университетін студенттер басқаруға кірісті
Проректорлар-студенттер. Бүгін Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің басшылығында-ауыс-түйіс. Алты проректордың орнына 4-курс студенттері жайғасты. Оқу орнының басшылығы ертең атап өтілетін студенттер күніне орай жастарға осындай мүмкіндік берді. Бір күн болса да билік қолына тиген студенттер арқаларын кеңге салмапты. Әрқайсысы өздеріне жүктелген міндетті бұлжытпай орындауға тырысты. Ректордан басқа лауазымды қызметтердің бәріне жоғары курс студенттері тағайындалған. Студент-проректорлардың барлығы- физика-математика факультетінің студенттері екен. Назерке Мақатқызы өзін-өзі басқару күнінде Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің тәрбие ісі және әлеуметтік мәселелер жөніндегі проректоры болды. Оқу озаты, әрі белсенді студенттің ұйымдастырушылыққа бейім екені байқалады. Өзін-өзі басқару күнін өткізу Жұбанов университетінде бұрыннан жолға қойылған. Алғашқылардың бірі болып университеттің экономика факультеті қолға алған. Бүкіл университеттік шара ретінде өткізіліп жатқаны- биыл бірінші рет. Проректор Қуантай Әбдіқалықовтың айтуынша, алдағы уақытта өзін-өзі басқару күнін жатақханаларда ұйымдастыру жоспарда бар. Проректор-студент. Декан да-студент. Бір күн бойы лекция және практикалық сабақтарды да студенттер жүргізеді. Шараға университеттің барлық факультеттерінің 100-ге жуық студенті жұмылдырылған. Қазір Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе мемлекеттік университетінің күндізгі оқу бөлімінде 5500 студент білім алып жатыр. Оқу орны 40 мамандық бойынша мамандар даярлап шығаруда. |
Количество показов: 2570
Дата создания: 16.11.2012 18:30:13