Үздік өнертапқыш 7 млн.теңге иемденеді
Бүгін "Инновациялық форсаж" реалити-шоуының өкілдері қаламызға келді. Индустрия және жаңа технологиялар министрілігінің қолдауымен өткізіліп жатқан жобаның мақсаты- отандық өнертапқыштарға қолдау көрсету, идеяларын жүзеге асыруға жол ашу. Мүмкіндікті қалт жібергісі келмеген өнертапқыштар ұйымдастырушылар назарына өздерінің жаңалықтарын ұсынды. "Технологиялық даму бойынша Ұлттық агенттік" АҚ-ның басшылығы бүгін ақтөбелік үміткерлермен танысып, жобаларын талқылады. Сегіз жыл ішінде реалити шоудың жемісін көргендер аз емес. Жобасының жүзеге асатындығына қазылардың көзін жеткізе білген жеңімпаздар бас жүлде- 7,5 млн теңгені иемденген. Мына инерциялық электр генераторы- Арман Әбілкамиевтің ойлап тапқаны. Қондырғыны кәдеге жарату жолында 5 жыл еңбектенген. Генератордың артықшылығы көп дейді Арман. Генератор серпілісті электр тогына айналдырады. Қондырғы ірі мұнай компаниялары үшін өте тиімді. Арманға қазірден қолқа салып отырғандар бар. Мысалы, генераторға Сауд Арабиясының мұнай компаниясы қызығушылық танытқан. 15 мың АҚШ доллары көлемінде кепілдеме қойсаң, жобаны қаржыландырамыз деген. Бірақ, өнертапқыштың қолын қаражат байлап отыр. Сондықтан, бағын "Инновациялық форсажда" сынап көрмекші. Бастапқы тәжірибелік нұсқасын әзірлеуге шамамен 3 мың АҚШ доллары қажет дейді, -Арман. Жобаға қатысушылардың барлығы заманауи кәсіпкерліктің барлық қыр-сырымен таныстыратын арнайы тренингтерден өтеді. Ең табысты үміткер 7,5 миллион теңге көлеміндегі грантты иеленеді. |
Количество показов: 2567
Дата создания: 24.08.2012 19:18:32