Үздік мәдениет қызметкерлері марапатталды
Қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөліміне- 60 жыл толды. Айтулы датаға орай бүгін қалада "Жаса мәңгі мәдениет" онкүндігі басталды. Достық үйінде бастауын алған "Өнер думаны" мәдени шарасында мәдениет қызметкерлері марапатталып, 35 жылдық тарихы бар "Әлия гүлі" қазақ би ансамблінің концерті өтті. Биылғы жыл қалалық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінде мерейтойға толы. Оның дәлелі ақтөбеліктерді өнерімен сусындатып жүрген "Шабыт» би ансамбліне- 5 жыл болса, қазақ саңыраулар қоғамы мәдение үйінің 50 жыл толып отыр. "Жалын» би ансамбліне, "Рюкзак» бард клуб ұжымына 10 жыл толыпты. Сондай-ақ, алда Михаил Ломоносов атындағы қалалық кітапхананың 70 жылдық мерейтойына арналған салтанатты кеш өтпекші. "Жаса мәңгі мәдениет" онкүндігі "Асыл әжелер» ән ансамбілінің 5-жылдығы мен «Мұрагер» вокал тобының тұсаукесеріне арналған мерекелік концертпен жалғаспақшы. Онкүндіктің ашылу салтанаты Достық үйінде өткізілген "Өнер думаны" мерекелік концертімен басталды. Сахна төрінде 35 жылдық тарихы бар, халықтық ұжым «Әлия Гүлі» қазақ би ансамблінің бишілері таңдай қақтырса, жас ұжым "Жалын» би ансамблі де тамаша өнерімен көрермендерге қол соқтырды. Мәдениет қызметкерлерін төл мерекелерімен арнайы құттықтауға келген қала әкімінің орынбасары Айгүл Арынғазиева мәдениет саласында ұзақ жыл қызмет атқарған ардагерлерге алғыс хаттар мен сыйлықтар табыстады. "Жаса мәңгі мәдениет" онкүндігі қалада 27 қыркүйекке дейін жалғасады. Ертең "Достық үйінің" сахнасында "Шабыт» би ансамблінің 5 жылдық мерейтойына арналған театрландырылған музыкалық хореографиялық қойылым өтпекші. |
Количество показов: 2577
Дата создания: 17.09.2013 18:49:49