Үздік кәсіподақ мүшелері марапатталды
Үздік кәсіподақ мүшелері марапатталды. Бүгінгі шара қазақстандық оқу-ағарту, ғылым және жоғары білім қызметерлері салалық кәсіподағының 100 жылдығы, Қазақстандағы кәсіподақ қозғалысының 120 жылдығы және Кәсіподақтар федерациясының 35 жылдығына орай ұйымдастырылған. Аймақта ұстаздардың жоғын жоқтап, қуанышта қолдау білдіретін 617 бастауыш кәсіподақ ұйымы бар. 5 жыл бұрын бұл сан 500-ден сәл асқан еді. Мерекелік шарада 150-ге жуық кәсіподақ мүшесі марапатталды. Үздік ұстаздар мен түрлі байқау жеңімпаздары марапатқа ие болды. «Сарыағаш» шипажайына, Ташкент-Самарқанд, Түркістан-Шымкент қалаларына сяахатқа жолдама алғандар да бар. Одан өзге, сыйақылар мен грамоталар берілді. Әлеуметтік әріптестер мен сала мамандары «Әлеуметтік әріптестікті дамытуға қосқан үлесі үшін», «Білім және ғылым қызметкерлері кәсіподағына сіңірген еңбегі үшін» төсбелгілерін алды.Облыста 33 мыңнан астам кәсіподақ мүшесі бар. 31 мыңға жуығы белсенді қызмет етіп жүр. Былтыр кәсіподақ заңгерлерімен 3117 кәсіподақ мүшесіне құқықтық кеңес беріліп, көмек көрсетілген.
Количество показов: 21
Дата создания: 13.03.2025 09:54:46