Ақтөбелік ұстаз "Құрмет" орденімен марапатталды
Мемлекет басшысы Қасым - Жомарт Тоқаев түрлі салада табысты еңбек етіп жүрген қыз - келіншекті мереке қарсаңында "Құрмет" орденімен марапаттаған болатын Президент қолынан марапат алғандардың бірі хромтаулық ұстаз Бағдашжан Молдашева. 40 жылға жуық ұстаздық еткен колледж басшысы мемлекеттік марапатқа лайықты жан. Өзі басқарып келе жатқан кәсіптік колледж Президент назарына іліккен Өңірдегі мықты оқу орындарының біріне айналып отыр.Бағдашжан Молдашева аяулы жар, екі баланың анасы. Еңбек жолын тәлімгер болып бастаған ұстаз білім саласында 40 жылға жуық еңбек етіп келеді. Өзі басқарып отырған Хромтау тау-кен техникалық колледжінде мыңнан астам студент білім алып жатыр. 21 жыл басқарған колледжге сіңірген еңбегі де орасан зор. Ерен еңбек иесі жұмысшы мамандарын дайындайтын колледж студенттері өңірдегі өндіріс орындары үшін аса қажет мамандар дейді. Дуалды оқыту жүйесі енгізілгелі жұмысшы мамандықтарына сұраныс артты. Жалақысы жоғары жұмыстарға ұсыныстар түсуде, дейді Бағдашжан Молдашева.
Количество показов: 26
Дата создания: 13.03.2025 09:57:02