Өзбек азаматтары тиелген автобус ұсталды
Бүгін таңертең "Самара-Шымкент" тас жолында шамадан көп жолаушы мінген автобус тоқтатылды. Құжат бойынша 50 орындық автобустың ішінде 88 адам болған. Орындықтарға балалы әйелдер мен қариялар жайғасқан. Ерлер көп. Әрқайсысының арқалаған жүгі бар. Бәрі Ресейдегі маусымдық жұмыстары аяқталып, өз елдеріне қайтып бара жатқан Өзбекстан азаматтары. Көлігіне көп адамды мінгізген жүргізушінің үстінен ҚР әкімшілік кодексінің 463- бабы, 1-ші бөліміне сәйкес хаттама толтырылды. Ол 5 айлық есептік көрсеткіш көлемінде, яғни 8 мың 655 теңге айыппұл төлеуі тиіс. Ал, жолаушылар мән-жай анықталғанша Хромтау аудандық ішкі істер бөлімінде болады. |
Количество показов: 2131
Дата создания: 17.10.2013 19:00:14