Заңсыз жұмыс істеп жүрген қытайлар анықталды
Қонаққа келіп, құрылысшы болып жүрген Қытайдың азаматтары қамауға алынды. Көші-қон құжатында келу мақсатын қонақпын деп көрсеткенімен, Қытай Халық Республикасының 56 азаматы Жаңажол кен орнында жұмыс істеп жүрген. Прокурорлық тексеру барысында қытайлықтардың құжатты алматылық компания арқылы рәсімдегені белгілі болды. Қытайлардың еліміздің көші-қон заңнамасын бұзып отырғаны алғаш рет емес. Бұған дейін де прокурорлық тексерулер кезінде талай былықтары әшкере болған еді. Бұл жолы 56 Қытай азаматы қысылып-қымтырылмай "қонақпыз" деп келіп, Жаңажолда алаңсыз құбыр жүргізіпті. Бірі инженер, енді біреуі-құрылысшы, тас қалаушы болыпты. Наурыз айынан күні бүгінге дейін жайбырақат жүрген Қытай азаматтарының қулығы әшкере болды. Көші-қон заңнамасын бұзғандары үшін бес тәулікке қамауға алынған. Қылмыстық оқиғаны тіркемей, деректі жасырып қалған Ырғыз аудандық ішкі істер бөлімі басшысының орынбасары үш жылға шартты түрде бас бостандығынан айырылды. Ол сот шығарған үкіммен келіспегенімен, аппеляциялық кеңес жазаны еш өзгеріссіз қалдырды. Құмар ойынға әуестер азаймай отыр. Қаланың Мәскеу ауданындағы жеке үйлердің бірінің ішінен казино ашып алғандар анықталды. Жасырын жұмыс жасап келген ойынхана туралы прокурорларға қала тұрғындары хабарлаған. Жедел операция барысында 5 ойын автоматы, ақша, ойынға қажетті заттар тәркіленген. Бұл жыл басынан бері тіркелген бесінші дерек. |
Количество показов: 1883
Дата создания: 26.09.2013 18:03:52